Таубалдиева Жұматай Шамкенқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, еңбек сіңірген ұстаз. атындағы Жетісу мемлекеттік педагогикалық университетінде ұзақ уақыт бойы жас ұрпаққа білім беріп келеді. И.Жансүгірова. Оның түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде, сондай-ақ одан тысқары жерлерде сабақ береді.
Жұматай Шәмкенқызы 1949 жылы Қазақстан Республикасы,Ақсу ауданы Жаңа қоғам(Көкөзек) ауылында дүниеге келген.
1955-1958жж.Алматы облысы,
Ақсу ауданы ,Көкөзек бастауыш сыныбында оқыды.
1959-1964жж.Талдықорған қаласындағы №1мектеп интернатының оқушысы.1964 жылдан бастап Арасан орта мектебінің оқушысы. 1967-1971 жылдары Алматы қаласындағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищесінің қобыз мамандығы бойынша бітіріп, және балалар музыкалық мектебінің оқытушы және халық аспаптар көркем жетекшісі деген квалификация берілді.
1971-1976 жылдары мұғалімдік жолын бастады. Мамандық бойынша мектептерде музыка мұғалімі қызмет жасады.Олар: Қызылорда облысындағы Ленинск қаласында,Ақсу ауданындағы Сатпаев атындағы мектептерде.1976-жылынаң бастап І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогика институында ән-күй мамандығы бойынша музыка сабағының мұғалімін бітіріп шықты.
1980-1987 жылдары Талдықорған қаласындағы Ломоносов атындағы орыс орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 1987 жылдан бастап Талдықорған педагогикалық иститутының бастауыш сыныпқа оқыту кафедрасының аға оқытушы қызметіне қабылданды
1997-2003жж Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика кафедрасының ізденушісі (13.00.01-Жалпы педагогика,педагогика және білім тарихы, этнопедагогика) бойынша «Музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацисын қорғады.Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы,профессор Керимов Лазер Керимұлы болған.2010ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылы 25 маусым күні педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
2014ж.І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Ғылыми Кеңесінің 2014ж жылы 4 наурыз шешімімен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ» атағы берілді.
Таубалдиева Жұматай Қазақстан, Словакия, Қырғызстан, Турция, Украйна, Ресейжәне т.б. жерлерде өткен халықаралық ғылыми — практикалық конференцияларға белсенді қатынасып жүреді.2007 жылы Петропавлда өтен «Үздік музыка мұғалімі» атты конкурс-фестивальдың лауреаты. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы пәндік олимпиадаларда музыка факультеттері мен кафедралары арасындағы « Үздік музыка мұғалімі» — атты Республикалық конкурс- фестивальдарының дипломант студенттер дайындағаны үшін, үздік әдіскер дипломанты атағын алып отырды. Халықаралық М.Уәлиқызының ән-жыр конкурсының дипломанты. ЖМУ-да «Президентттік миля» бағдарламасы бойынша 60-69 жастағы қатысушылар арасында 2012-2019 жылдары1-2-орындар алып -марапатталынды. Жетісу жерінде тұңғыш құрылған «Жетісу» ансамблінің (1976-2017ж) алғашқы «Трио» әншілерінің бірі және 40 жылдай сахнада өнер көрсетті.Университет, факультет, кафедра қалалық мектептер деңгейінде өткізілетін мәдени-қоғамдық шараларға белсене қатысып өз үлесін қосып отырды. 2003ж. Республикалық студенттер олимпиадасында – Алматыда С. Жылбаев, Е. Телебаев,2004ж. Павлодар қаласында Ә. Мұқашева, дипломант болды. Петропавл қаласында Таубалдиева Ж жетекшілігіменен студент Ж.С. Утеева дипломант атағын алды. Алматы қаласында,17-18 наурыз 2011 жылы Таубалдиева Ж. жетекшілігіменен Шәріп Оңалбек марапатталындыды. 2014 жылы-жоғары оқу орындары арасында өткен студентердің олимпиадасындаТаубалдиева Ж жетекшілігіменен Жұмабеков Алмас- 2-орын алды.2017 жылы – Ү1-Республикалық студенттер олимпиадасында Таубалдиева Ж жетекшілігіменен Курақбаева Д,Мыңбосынов олимпиадаға дайындап ІІІ орын алды.Қаладағы өтетін өлкелік, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, белсенді қатынасып отырады.
Осы уақытта Ақсу ауданындағы орта мектептерде Талдықорған қаласындағы орта мектептерінде 2,21,4, 18,19 мектептердің оқушыларына және мұғалімдердің ғылыми іздену енбектеріне қөмектеседі.(МАН). Ақсу ауданына 80-90жыл толуына байланысты « Абыз Ақсу,Аңыз Ақсу,Нағыз Ақсу-80-жыл»Энциклопедия кітабының «Өнер,сахна саңлақтары (сазгерлер, әртістер, әншілер)рубрикасының 347 бетінде Ж.Ш.Таубалдиева туралы деректер кірген.2009жылы Талдықорған қаласындағы Жетісу теледидарында «Әйелдер әлемі» (30минут) телехабарда көрсетті.2012ж «Хабар» (20 минут)телеарнасынан «Үлгілі үй» атты хабарға қатынасты.2014 жылы Ақсу ауданының журналисі «Ақсу өңірі» газетінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Дүйсен Мұхаметшарұлының« Қобыз сарыны Молықбай және Жұматай» мақаласын жазды (Элегия). 2019 жылы 7қарашада туған жері Ақсу ауданы Көкөзек ауылындағы Қуат Терібаев атындағы мектепке кездесуге барып келді. Оқушыларменен, мұғалімдерменен және мектеп директоры Ноғайбаев Ермек Ембергенұлы жылы қарсы алды.Мектепке оншақты авторлық оқулықтарымды,бір сырнай аспабын,ямаха аспаптарын сыйға тартып кетті.«Туған жерге туыңды тік»- деген сөзді ұстаным ретінде қабылдады.
Бұған дейін Жұматай Шамкенқызы өте лайықты марапаттарға ие болды. Олардың ішінде:
1. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі»
2. Білім беру саласында айрықша еңбегі үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталынды.
3. «Бейбітшілік әлемі».Халықаралық Қазақ творчестволық Бірлестігінің «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» медалінің иегері.
4.Орден «Польза Честь и Слава»Москва.(Әскерде қаза болғ сәуір айында «ұлына берген).
5.Куәлік білім беру мен ғылымдағы жоғары жетістіктері көп жылдық жемісті еңбегі, кәсіби шеберлігі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталынды.
6.«Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстазы» орденімен марапатталынды.
7.ҚР Білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы педагогтарының «Алтын төсбелгісімен»-марапатталынды.Нұр-Сұлтан 2021.
10. Білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі және «Тәуелсіз елдің құрметті педагогы» атты байқауының жеңімпазы атанғаны үшін «ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Нұр-Сұлтан 2021ж.
Ж. Таубалдиеваныңбарлығы 270 публикациялар, соның ішінде 28 оқулық (23-оқулық авторлык,5-оқулық авторлық бірлестікте,1-монография,1-Томсон Реутерс, 2-ресей ғалымдарының еңбегін аударған.4-авторлық патент электрондық оқулық, 3-СКОПУС-мақала.
Педагогика ғылымдарының кандидаты,қауымдастырылған профессор Ж.Таубалдиеваның жетекшілігімен магистрлік 17 диссертациялар қорғалған.
Таубалдиева Жұматай апайдың жанұялық жағдайына келер болсақ, жалғыз ұлы Бекарыс 1991 жылы 8 желтоқсанда әскери қызметін өтеу барысында қаза болды.
Бірінші қызы Қарлығаш Таубалдиева Құрманғалиқызы Алматы облысы,Іле ауданының ішкі істер қызметкері, криминалдық ақпараттық тобының Полиция майоры Қызының жұбайы Ноғай Тимур Ноғайұлы педагогика ғылымдарының магистрі- Алматы қаласының №20 мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі. Олардан алты немере және екі шөбере сүйіп отыр: Ақжан, Ислам, Рамазан, Алтынай,Сұлтан,Айханым атты немерелер,Айару,Айсуна Амирхан атты шөберелер.
Екінші қызы Айжан Таубалдиева Құрманғалиқызы педагогика ғылымдарының магистрі. Жолдасы Самұратов Жандос Серікұлы- педагогика ғылымдарының магистрі. Балаларынан бес немерелері бар, олар Жұлдыз, Айым, Дания, Әділжан, Ақан.
Шәкірті Оразбаев Шалкар Елісұлы,
Н. Тілендиев атындағы БММ-нің директоры, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты