Lesson Study –сабақ зерттеудің ерекше үлгісі

Lesson Study –сабақ зерттеудің ерекше үлгісі

English

Әр педагог үшін өз білімін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады.  Қазіргі кезде педагогтер дарынды, талантты, шығармашыл, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын, тілін, дінін білетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қастерлейтін, еңбекқор, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз бетімен шешім қабылдай алатын, ізденуші, зерттеуші, бақылаушы , шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек .

Lesson Study –сабақ зерттеудің ерекше үлгісі

          «Lesson study» жұмысын ұйымдастыру бойынша мектебімізде мектеп тренерлері мен магистрлердің жиналысында   «Lesson   Study » дегеніміз не? Оның қандай маңызы бар?  деген сұрақтарға  жауап  алдық.  Lesson Study – білімді жетілдіруге бағытталған, сабақ зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.Зерттеу сабағын жүргізу үшін зерттеу тобы құрылды. 

Lesson Study – мұғалімдік тәжірибеде білім беруді жетілдірудің ерекше формасын көрсететін педагогикалық тәсіл. Lesson Study сабақтарын сабақ беруші және бақылаушылардың бірлесе отырып жоспарлаған және талдайтын сабақтар сериясы. Зерттеу тобында бейқам адамдар болмайды, себебі әрқайсысы осы үрдістің нәтижесінің дұрыс болғанын қалайды.

            Мектебіміздегі осындай зерттеу сабақтарына қатысып, бақылау – өз тәжірибеме көп пайдасы тиеді.  Lesson study бойынша  бақылаған сабақтарыма тоқталып өтетін болсам:

  06.02.2024 жылы 8«Ә» сыныбында «М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы» тақырыбында Lessen Stady зерттеу сабағын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.Е.Нұрмолданова өткізді.

Зерттеу тақырыбы: «Сараланған тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» арқылы білім сапасын арттыру.

Зерттеу «Саралау тапсырмасын  қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын қалай арттыруға болады?» сұрағына жауап береді.

Практикалық іс-әрекеттер барысында Lesson Study тәсілін қолдана отырып, оқытудың қандай әдістері оқушылардың пәнді оқуға деген ынтасын арттыратынын анықтау мақсаты қойылды.

Зерттеу тобы: А В С деңгейі бойынша оқушыларды бақылады. Сабақ жоспарын бірлесіп құру арқылы білім деңгейлеріне сай тапсырмалар, әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқу мақсаты үш деңгейде қойылды. Осы мақсатқа жету үшін бірнеше әдіс тәсілдерді қолданды.

Зерттеу сұрағы: Көркем шығармадағы кейіпкерлердің мінездеулеріне тоқталып жіктеу

Әр топ өзіне бақылау үшін оқуда жоғары, орташа, төмен деңгейдегі үш оқушыны таңдап алды. Сосын Lesson Study бағыты бойынша жұмыс істейтін әр оқушының деңгейі анықталды және әр оқушыдан күтілетін нәтиже жазылып алынды.

Өткізілген бірнеше сабақтардан кейін топ мүшелері әрі қарай жұмыс бағытын, әдіс-тәсілдерін келісіп отырды. Талдаудан соң біз оқушыларды дұрыс таңдағанымызға көз жеткіздік. Біз оларға дұрыс критерийлер жасадық, орташа бала бұрынғыдан  белсендірек жұмыс істеді, төмен оқушымен жұмыс істеу бізге қиынырақ соқты. 2 сабақ бойы оны топтық жұмысқа тарта алмадық, тек 3-сабақта ғана оқушы жеке жұмыс барысында белсенділік танытты. Басқа оқушылардың белсенділігі оған жақсы жағынан әсер етті. Интервью бергенде жоғары және орташа оқушы өздеріне топтық жұмыс ұнайтындығын, сабақта қызықты болғанын айтты, ал төмен оқушы сынып алдында дұрыс жауап бермей қалам ба деп  қорқатынын айтты. Біз келесі сабақта төмен оқушы өзіне қай топта жұмыс істеген ұнайды, сол топта жұмыс істеуіне жағдай жасауды ұйғардық. Келесі қазақ тілі сабақтарында оқушы ашыла бастады. Әрине, ол белсенді бола қалған жоқ, дегенмен, өзі бір қорытындыға келіп, пікірін айтып, тіпті, «ыстық орындықта» жауап беруге де тырысты. Қатарынан өткізілген бірнеше сабақтарды талдай келе біздің оқушылардың белсенділігі ең алдымен мұғалімге байланысты екендігіне көз жеткіздік. Әр мұғалім өз сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, әр оқушыға мән беріп,  әр оқушының деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алса, төмен деңгейлі оқушыларды сабаққа тарта  білсе, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Біздің бәрімізге бұл үрдіске қатысу өте қызықты болды. Барлық оқушыларға емес, бір оқушыға ғана бақылау  жүргізу жауапкершілікті арттыра түсті. Егер төмен деңгейлі оқушыға көбірек көңіл бөлінсе, жұмыс істейтіндігін байқадық. Біз  белсенді оқушылармен көп жұмыс істеуге дағдыланып алғанбыз.

          «Топтық жұмыста барлық оқушылардың жұмыс істеуіне  талпыныстарын қалай тудыруға болады, өз ойларын батыл айта білуге қалай үйретеміз? Бұл сұрақтарға жауапты тек мұғалімдер бере алады. Бізде ол сұраққа жауап іздеу қиынға соқты. Бақылаулар нәтижесінде біз төмендегі қорытындыға келдік:

         Оқушының белсенділігі қоршаған ортасына, мұғалімнің  әр оқушыға жеке тоқталуына, сабақтың әр бөлімінде берілетін тапсырмалардың алдын-ала ойластырылуына, әр оқушыға жеке мақсат қойылуына байланысты. Осындай бағытта жоспарланған сабақ әр оқушы үшін қызықты болады.

            Білім беру жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер кезінде  мұғалімнің кәсіптік өсуі «өмір бойы оқу» концепциясы аясында қарастырылуы қажет. Педагог  үлкен білімді меңгерген, яғни, өз оқушыларының білімді меңгеруге бағыттарын айқындап бере алатын деңгейде болуы шарт. Қоғам біздің алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр: мәдени жетілдірілген білім беру. Бүгін жауапты шешімдер қабылдай алатын,  шығармашылық қызмет істей алатын адамдар қажет, өзін-өзі жетілдіріп отыруға, өмірде  өзінің орнын таба білуге жағдай жасауымыз керек.

 Автор: Бекежанова Айман Турсынгалиевна

«К.Ушинский атындағы №7 орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *