Иә, мен — арнайы пән оқытушысымын. Мен, Ахметов Алтай Жәнәділұлы — Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі. Алғашқы әскери дайындық пәні аранайы пәндердің қатарына жатады деп нық сеніммен айта аламын. Бұл пән 10-11 – сынып оқушыларында аз сағатпен оқытылса да пәнді оқытудың алға қойған мақсат — міндеттері, мүдделері өте жоғары. Өйткені Алғашқы әскери дайындық – ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскери құрылымдарға дайындайтын бірден – бір мемлкеттік жүйенің негізгі құрамы болып табылады.
Пәннің негізгі мақсаты – әскери қызметтің маңыздылығын оқушы бойында қалыптастыру болып табылады.
Пәннің міндеттері:
- Келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерді ұл — қыз тәрбиелеу;
- Әскер қатарына сауатты, моральдік жағынан дайын азамат даярлау.
Пән мұғалімі ретінде өз ісімнің жауапкершілігін толық сезінемін, өйткені біздің алдымызға үлкен талап қойылады. Сондықтан ұстаз ретінде әрқашан білімімді жетілдіріп, жан жақты білімді, жаңа ақпараттарды игерген, заманауи болу менің парызым.
Ұстаз ретінде ҚР азамытын тәрбиелей отырып, пәнді оқыту арқылыадамгершілік – рухани тұрғыда тәуелсіз еліміздің ұлттық сана –сезімі мен намысы оянған, ұлттық құндылықтарды бағалай алатын, рухани ойлау дәрежесі кең, мәдениетті, еңбекқор, бойында ізгілікті адамгершілік қасиеттері қалыптасқан тұлғаны қалыптастыруға өз үлесімді қосып келемін.
Алғашқы әскери пәні жеке пән ретінде бүкіл білімді бере алмайды. Бұл пән әр пәндермен тарих, география, дене шынықтыру т.б. пәндермен тығыз байланыста болу керек. Әсіресе, дене тәрбиесі пәні мен Алғашық әскери дайындық пәні бірін – бірі толықтырып тұрады. Дене шынықтыру пәніндегі саптық жаттығудан бастау алатын тәртіп Алғашқы әскери дайындық пәнінде кеңінен қолданылады. Әр Отан қорғай алатын жастың дене дайындығының мықты болғаны дұрыс. Сондықтан бұл екі пәннің мағыздылығын оқушы бойына сіңре білу керек.
Өз пәнін жетік білген ұстаздың ендігі ерекшелігі — ол өз пән кәбиентін жақсы жабдықтауы, көрнекіліктерін заманауи тұрғыда қолдана білуі. Өйткені осы арқылы оқушының бойында пәнге деген қызығушылықты арттыруға болады. Өз кабиентімді талапқа сай жабдықтап, ұлы тұлғалар: Аблайхан, Б. Момышұлы, Т.Әубәкіров, Т.Бегелдинов, С.Нұрмағанбетов т.б. сияқты деректерді өңделген арнайы стелаждар оқушыларға ерлік тағылымен табындырар сыр шертеді.
Келесі кезекте кабиентіме ең керекті «Алғашқы дәрігерлік көмек», ҚР қарулы Күштері рәміздері», «Атыс дайындығы», «Сапалық дайындық», «Тактикалық дайындық», «Әскерге бару – азамат болу», «ҚР қарулы Күштерінің жарлығы» стендетрді де жабықтап қойдым. Бұл оқушылардың әскери ережелерді жадына сақтауына әсер етеді.
Сабақ қана емес, сонымен қатар, оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеуде сабақтан тыс шаралардың да берер әсері өте мол. Мектепте «Жас сарбаздар», «Жас Ұлан», «Жас өрт сөндірушілер» сияқты ұйымдар да жұмыс жасайды. Бұл ұйымдардың да мақсат – міндеттері – жастарды ерлікке, тәртіпке, жауапкершілікке баулиды. Жыл сайын әскери – спаорттық шаралар ұйымдастырылып, шәкірттерім мектепішілік, аудандық шараларға қатысып, жүлделі орындарды да иеленіп жүр. Әр ұлттық мереклерде, саптық жиындарда шәкірттерім өз білімдерін көрсетіп, саптық Туыды алып шығу, Сатық парад жүргізіп тұрады. Әр үйірме мүшелері де өз деңгейінде жоспарға сай жұмыстарының жемісін көретеді.
Ойымды қорыта келе, Алғашқы әскери дайындық пәні ерекше пән екенін тағы да айта кеткім келеді. Сондықтан ұстаз ретінде әр оқушыны бала ретінде емес, терезесі тең азамат ертінде, елімнің ертеңі ретінде бағалап, зор сенім арту арқылы олардың сеніміне ие бола алдым деп айта аламын.
Қазақ атамыздың: «Тәрбиелі – тәртіптің құлы» деген ұлағатты сөзін өзімнің ұстанымым ретінде қабылдап, өзімнен де шәкірттерімнен де тәртіпті талап етемін.
Сонымен, Алғашқы әскери пәніні ерекше пән ретінде елімізде өскелең ұрапқты патриот, ержүрек, шыдамды, табанды күрескерлерді тәрбиелей отырып, жастардың болашақта ел намысын сындарлы сәтте қорғай алатын жастардың тәрбиеленіп шығуына, Отанын, жерін елін қорғай алатын, ұлттық құндылықты бойына сіңірген, жігерлі ұл – қыздарды тәрбиелеп шығады.
АХМЕТОВ АЛТАЙ ЖӘНӘДІЛҰЛЫ,
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы –ұйымдастырушысы.
«Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ,
Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы.