Ж. Ж. Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен. Сондықтан да ,бала тәрбиесі -осы өмірдегі ең маңызды әрі аса үлкен жауапкершілікті талап ететін істердің бірі. Дүниеге келген сәбиді физикалық тұрғыдан дамытып, рухани тұрғыда жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыратын ол әрине — ата -ана.Жақсы перзент ата -ана қолындағы аманаты демекші бала тәрбиесінде ата \ ана маңызды рөл атқарады.Дегенмен,айналасындағы адамдардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы,ересектердің жүріс-тұрысы мен көрсететін өнегесі де әсерін тигізбей қоймайды.
Отбасынан кейінгі тағы бір маңызды тұлға ол әрине — ұстаздар қауымы. Әр баланың жанын түсініп қана қоймай олардың саналы, бәсекеге лайықты ақылды да,білімді тұлға ретінде қалыптасуына жанын салатын,әр оқушының кішкентай болса да жетістігіне балаша қуанатын ұстаздарға басымды иемін. Бұл тек мамандық емес, ұстаздық ол \өмірлік ұстаным, ақылдың шектеулігін жоятын, сонымен қатар қоршаған ортаға бейімделуге ықпал ететін адам деп білемін.Әр ұстаздың мойнында тек баланы ғана тірбиелеу емес, сонымен бірге толық бір ұлтты, тәуелсіз мемлекетіміздің туын биіктен желбірететін отан сүйгіш патриот азаматтарын тәрбиелеу жүгі артылған.Мұғалімнің сөзі, жүріс — тұрысы,өзін — өзі ұстауы, мәдениеттілігі әрдайым бала үшін үлгі болып табылады. Жасөсперімдер үшін мұғалімнің рухани дүниесі өздеріне деген қөзқарасы маңызды рөл атқарады.
Мен Ұстазбын. Осы орайда өзімнің ұстаздық жолды таңдап,бала тәрбиесіне сәл де болса қосып жатқан үлесім бар екендігін мақтан тұтамын. Мұғалім мамандығын таңдағаным үлкен сәттілігім деп білемін. Бастапқыда мамандығымның бұндай маңыздылығына аса назар аудармаған болсам, қазіргі таңда білім беру саласында 14 жыл еңбек өтілі бар, тәжірибелі ұстазбын. Алдыма білім алуға келген әр бір оқушы күнделікті білім қоржынын толықтырып, пайдалы зат біліп кетсе, ол менің өмірдегі жетістігім деп санаймын және мақтан етемін. Мамандықпен мақтану әбестік емес деп ойлаймын. Өйткені, мұғалімнің қашан да рөлі шынайы, болмысы биік. Ертеңгі күннің болашақ ұрпағын саналылыққа бет бұруға бағдар беру міндетім. Ол үшін білім де, әдіс пен тәсіл де, арнайы дәреже де маңызды емес. Себебі, ең алдымен адамдықтың шынайы бейнесін балаға көрсете білу қажет. Мейірімге мұқтаж мына заманда мұғалімнің берері мол деп ойлаймын. Осы орайда, «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»,- деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, жастарымыз саналы, тәрбиелі, парасатты болсын десек, өзіміз үлгі болу қажет екендігімізді ұмытпауымыз керек.
КАСЫМОВА ЗАРИНА САГЫМБАЕВНА,
Ағылшын тілі пәні мұғалімі.
«Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» КММ,
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы.