ТРЕНИНГ – ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ТҮЗЕТУ ЖОЛЫ

Әдебиеттік оқу Зерттеу Психлогия
ТРЕНИНГ – ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ТҮЗЕТУ ЖОЛЫ

Психологиялық тренинг — тұлғаны дамыту мен мінез-құлық дағдыларына белсенді оқыту түрі. Тренингте қатысушыға психологиялық қасиеттерді немесе дағдыларды дамытуға немесе көрсетуге бағытталған қандай да бір жаттығуларды орындау ұсынылады. Тиімді оқыту мен дамуды қамтамасыз ететін негізгі принцип-тренингте қызметтің барлық түрлерінің тұрақты үйлесімі: қарым-қатынас, ойын, оқыту, еңбек.

Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда түлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмүндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым- қатынастағы қиындықтардың себебін үғыну динамикасына ықпал жасайды.

Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе сөзге керісу, қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б. Топ — бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлға аралық қарымқатынас, шешім қабылдау, мінез — қүлықты таңдау проблемалары бар.

Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» — дамытуға жағдай жасалады.        Сонымен қатар, эмоциялық тұрғыдан жекебастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады. Топтық тренингтердің негізгі міндеттері: — өзіндік түсіну; — өзіндік реттеу; — қарым — қатынас ситуациясында басқаларды түсіну; — адекватсыз және жаңа адекватты қарым — қатынас дағдыларын коррекциялау.

ТРЕНИНГ – ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ТҮЗЕТУ ЖОЛЫ

Жалпы психологиялық тренингтер 3 бағытқа негізделіп жасалынады.

  • 1-бағытта қарым-қатынастың негізгі психологиялық ерекшеліктері ескеріліп,топтың атмосферасын жақсарту мәселелері көзделген.
  • 2-бағыт адамның сезімталдығына арналған тренинг,басқа адамды есту және көруді бір мезгілде бақылау қабілеттілігін айқындайды.
  • 3-бағытта ойдың шығармашылығын қалыптастыруға жетелейтін тренингтер енгізілген.

Сондай-ақ, жұмысқа қабілеттілікті арттыруға көңіл-күй деңгейін және психологиялық белсенділікті көтеруге адамға эмоционалды жігер беруге бағытталған әр түрлі психогимнастикалық жаттығулар зор роль атқарады.

Бүгінгі күнде тренинг түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ,сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің , әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады. Тренинг термині /ағылшынның training сөзінен/ оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Мұндай көпмағыналық тренингтің ғылыми анықтамасына да тән.

Тренингтік топтың жұмысының принциптері: 1.Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында ададар арнайы талқыланған іс-әрекеттерге араласады. Ол қандай да бір іс-әрекеттерге араласу,жаттығуларды орындау, арнайы схема бойынша басқалардың мінез-құлқын бақылау болуы мүмкін. Белсенділік ұстанымы негізінен эксперименталды психология саласындағы белгілі адам естігенінің 10 пайызын,көргенінің 50 пайызын, айтқанының 70 пайызын және өзі істегенінің 90 пайызын игереді деген идеяға сүйенеді.

2.Зерттеушілік / шығармашылық / ұстанымы. Бұл ұстанымның маңыздылығы тренинг барысында топ мүшелері психологияда белгілі ойлар мен заңдылықтарды сезініп,анықтап,ашумен қатар ,өзінің бойындағы жеке мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін де сезіне түсетіндігінде болмақ. Осы ұстанымға сүйене отырып,жаттықтырушы топ мүшелерінің өз бойларындағы жаңа мінез-құлықтарды сезініп , қалыптастыра түсуге, тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар ойлап табады,құрпастырады және ұйымдастырады. Бұл ұстанымды жүзеге асыру әдетте қатысушылар тарапынан қарсылық тудырады.

Үйреншікті емес оқыту тәсілдерімен бетпе-бет келген сәтте адамдар тарапынан қарсылық туады.Мұндай қақтығысты шешуге тренинг мүшелеріне дайындықта болуын қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіретін және тренинг аяқталғаннан кейін өзінің мінез-құлқына, өмірге, өз-өзіне шығармашылық тұрғыда қарауға ,тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар септігін тигізеді.

3.Мінез-құлықты нысаналау / түсіну / ұстанымы. Қатысушылар бойында қабілеттілік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тренинг түрлерінде мінез-құлықты нысаналаудың қосымша құралдары пайдаланылады.

Осы негіздемелерді ұстанымға ала отырып, балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру, олардың қолдарының ұсақ моторикасын дамыту, өзіне деген позитивтік көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілген «Таңғажайып көбелектің түсі» тренингтік жаттығуына балалар қызығушылықпен қатысты.

ТРЕНИНГ – ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ТҮЗЕТУ ЖОЛЫ

Трениг барысында балалар бар ынтасымен қатысып, өзара бірлесе әрекет етті.

Тренинг барысында әр баланың жеке қасиеттері де байқалып қалды. Кімнің көшбасшы екені, кімнің шапшаң, кімнің қолдаушы, кімнің орындаушы екені көрініп тұрды.

Осындай тренингтер арқылы келесі жолғы тапсырмаларды сол балалардың өз орындарын ауыстыра алатындай тұрғыда ұйымдастырудың әдіс – тәсілдерін қарастырып, келесі жолғы осындай тренингтерде балалардың өзін – өзі бағалай алуы, позитивті болуы, сенімділігі артады.

Яғни, жақсы мақсатпен ұйымдастырылған тренингтер балалардың әр түрлі психологиялық  жағдайдан шығудың жақсы жолдары деп айтуға болады.

Жан Әсел  Талғатқызы,

«Айналайын» арнаулы әлеуметтік қызметкерлерге

мұқтаж балаларды қолдау орталығының психологы.

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *