оп: «Сәлем» кіші тобы
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық, коммуникация, денсаулық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сенсорика»
Тақырыбы: «Түстер әлемі»
Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл, балалардың қол моторикасын дамыту.
Билингвальды компонент: қызыл – красный, сары – желтый, көк – голубой, жасыл — зеленый
Көрнекі құралдар: фетрдан жасалған 4 түсті балапандар, таяқшалар, пішіндердің макеттері, пластмасс ыдыстарға салынған әр түрлі дәнді — дақылдар, қысқыштар, түрлі түсті шариктер, жұмсақ губкалар және т,б.
Ұйымдастырылғвн оқу қызметінің барысы:
I кезең: ұйымдастырушылық – қызығушылық
Шаттық шеңбері:
Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасау.
Мен ақылды баламын,
Айткан тілді аламын,
Пингвин болып жүремін,
Балық болып жүземін.
Қанатым бар ұшатын,
Шатырға келіп қонамын.
Қиял ғажайыпқа сенетін
Мен осындай баламын.
II – кезең: ұйымдастырушылық – ізденістік
— Балалар қараңдаршы, бүгін біз көптеген тапсырмалар орындайтын боламыз. Біз тапсырмаларға әр түрлі көліктермен баратын боламыз. Ең бірінші пойызға отырамыз.
Балалар пойызға отырып, тапсырмаға келеміз.
Бірінші тапсырма: «Сиқырлы таяқшалар!»
— Балалар, алдымызда 4 түске боялған таяқшалар тұр. Осы таяқшаларға түстерін тауып, түстеріне байланысты жұмсақ губкаларды орналастырамыз.
Бұл тапсырмада барлық бала қамтылған. Әр бала тапсырмамен қамтылған. Балалар тапсырманы белсенді орындай отыра, түстерді атап шықты.
— Балалар келесі тапсырмаға ұшақпен барамыз, балалар ұшаққа отырып, ұшақтың дыбысын келтіріп, келесі тапсырмаға келді.
Екінші тапсырма: «Ұсақ қол моториканы дамыту».
Қызыл, сары, көк түсті
Міне шарлар көп тіпті
Қане қайсысын таңдайсың
Түсін біліп алғайсын.
Бұл тапсырмада балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ балаларына түрлі түсті шариктермен тапсырма берілсе, екінші топқа жұмсақ губкалармен жасалатын ұсақ қол моторикасына арналған тапсырма берілді. Жұмсақ губкалардың ішіне жасырынған кішкене пішіндерді табуы керек. Бұл тапсырманың мақсаты балалардың жылдамдығын арттыру, балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.
Түрлі түсті шариктерді қыстырғыштарды пайдалана отырып түстері бойынша ажырату, топтастыру. Мысалға: сары шеңбердің ішіне сары түсті шариктерді салу, көк түсті шеңбердің ішіне көк түсті шариктерді салу. Балалар тапсырманы орындайды. Бұл тапсырмада да балалар шапшаңдық көрсетіп, дұрыс орындап шықты.
Сергіту сәті:
Добым добым домалақ
Қоймайсың ау домалап.
Алақанға салайын
Домалатып алайын
Балалар қол моторикасына арналған арнайы кішкене доптармен қолдарына жаттығу жасады.
Балалар келесі тапсырманы орындау үшін көлікке отырып, тапсырмаға келеді. Көліктің дыбысы қосылады.
Үшінші тапсырма: «Ізде де, тап!»
Бұл тапсырма пішіндерге арналады. Түрлі түсті кішкентай пішіндерді пластмас ыдыстарға салынған дәндердің (күріш, қарақұмық, бидай, бұршақ) ішінен іздеп табуы керек. Бұл тапсырма балаларға өте қызық болды. Балалар тапқан пішіндерді атайды және санайды.
Келесі тапсырмаға бару үшін балалар кедергілерден өтті. Жерге жайылған тастардан, ағып жатқан судан, арықтан өтіп, көпірмен келді.
Төртінші тапсырма: «Ағайынды балапандар!»
Бұл тапсырмада қызыл, сары, жасыл және көк түсті балапандар көрсетілген. Әр балапанға өзінің тамағын беру үшін түстеріне байланысты жүріп бару керек. Балалар кедергілерден өтіп, балапандарға тамақтарын берді. Бұл тапсырма топтық жұмыс болып жүргізіледі.
Келесі тапсырмаға балалар қайықпен барады. Қолдарына ескектерін алып, екі қолмен барынша есеміз.
Бесінші тапсырма: «Чупа — Чупс кәмпиттері»
Бұл тапсырмада фетрдан жасалған таяқшаға орналастырылған 4 түсті домалақ пішіндерді тауып, жабыстырып шығады. Балалар жабыстыра отырып, түстерді ажыратады және санайды. Бұл тапсырма балалардың қол моторикасын дамытуға өте жақсы
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін аяқтай отыра, соңғы тапсырмамызды орындаймыз.
Соңғы тапсырма «Көңілді аққала» деп аталады. Бұл шығармашылық тапсырма. Аққаламызды жұмсақ мақтадан жабыстыра отырып, аққаламыздың бейнесін шығарамыз.
Қорытынды бөлім:
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетін қорытындылай келе, балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында 6 түрлі тапсырма орындалды. Тапсырмалар барысында балалар 4 түсті ажырата білді, өздерінің белсенділігі мен алғырлығын байқатты. Заттардың түсі мен пішініне байланысты топтастыруды үйренді. Балаларды топқа бөлу арқылы бірлесе жұмысты орындау дағдысын қалыптастырдық.
Күтілетін нәтиже : балалар 4 түсті ажырата білді
Түсінеді: жеке және топтық жұмысты жасау
Қолданады: ұсақ моторикаға арналған заттарды
Автор: А.Б. Жумагалиева , Кіші топ тәрбиешісі «Басқару негіздерінің мектебі» МЕМ