МӘТІН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ

Қазақ тілі / Қазақ әдебиеті
МӘТІН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ

Орыс  ттілді сыныптарда  оқушылардың ауызша сөйлеу тілін қалай жетілдіруге болады? Міне, осы сұрақ — бүгінгі таңдағы әр қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің өзекті мәселесі. Себебі бүгінгі таңда төменгі  буында орыс тіліді оқушылар баяндауды, әңгімелеуді, яғни сөйлеу тілін меңгермей келеді. Сондықтан да ауызша сөйлеу, әңгімелеу дағдылары жетілмей олар мәтіннің мазмұнын түсінбейді. Неліктен? Өйткені бүгінгі таңда орыс тіліді сныптарда берілген мәтін түрлері өте күрделі. Үлкен шығармалардан алынған үзінді ғана. Ол мәтіннің не басы, не ортасы немесе аяғы жоқ. Сол себептен де ол мәтін мазмұны түсініксіз болады.

Басқа ұлтқа қазақша оқытудың жалпы және негізгі жүйесі – оқушының сөйлеу тілін ширату, дамыту және соған дағдыландыру болып табылады.

Әр ұстаз өз шеберлігіне орай оқу мақсатына сай бір мәтінді таңдап алса, ол мәтіндегі ой да мағына да оқушының күнделікті өміріне қажет болатындай құрылғаны жөн деп ойлаймын. Өйткені дұрыс құрылған мәтін арқылы ғана білімнің негізі қалыптасады.

МӘТІН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ

Сондықтан сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтыратын жаттығулар жүйесін дамытып, жаңартып отырған дұрыс.

Сондай жаттығулардың біразын айта кетейік:

  • Шағын мәтіннен жеке – жеке сөйлемдердің мән мағынасын түсіну;
  • Мәтіннің мазмұнын түсіну;
  • Мәнін ашу;
  • Мәтінге тақырып қою;
  • Мәтін бөліктеріне орай тақырыпшалар қою;
  • Мәтіннің басқы, ортаңғы, соңғы ойларын анықтау;
  • Мәтінді өз ойымен қысқарта білу, не толықтыру (редакциялау);
  • Мәтінді бөліктерге бөлу арқылы баяндату;
  • Мәтінің басқы, ортаңғы, соңғы ойылары арқылы баяндату;
  • Мәтінге жай жоспар құру;
  • Мәтінге күрделі жоспра құру;
  • Мәтінге тән жабық сұрақтар құрастыру;
  • Мәтінге тән ашық сұрақтар құрастыру.

Алайда, бұл жаттығуларды сабақтың қай кезеңінде қалай пайдаланады ол сол мұғалім шеберлігене байланысты.

Орыс тілді оқушылар мәтінді оқығаннан кейін мәтінде берілген жаңа сөздерді «Түртіп алу», «Сүзгіден өткізу» т.б. әдістер арқылы меңгертуі және талап етуі не сұрауы ұстаздың қолданған тәсіліне байланысты. Жаңа сөздермен танысып алған соң, сол сөздермен күнделікті қолданысқа байланысты сөз тіркестерін жазу, мәтін ішінде тіркескен сөздерді табу, мағынасын ашу арқылы өздерінің сөздік қорларын толықтырғаны жөн.

Әр жұмыста сөз, сөз тіркесі, оның байланысы, оқушылардың өздік сөйлемдері, басқа түрлі жұмыстары, талданып, бекітіліп, бағаланып отырса, есте сақталып қалады.

Сонымен, орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің негізгі мақсаты – тілді үйрету, яғни оқушыны белгілі дәрежеде қазақша сөйлету. Жоғарыда айтқандай, әр оқушы мәтіннің (шығарманың) мазмұнын түсінуі керек, өз ойын басқа адамға жеткізе білуі керек.

Ал айтып отырған мәтіндерімізде міндетті түрде тәрбиелік мәннің болуы қажет. Орыс сыныптарына арналған мәтіндерде қазақ халқының тарихы, дүниетанымы, сал –дәстүрлері, ұлт мейрамдары, құндылықтары туралы мағлұмат көберек болғаны жөн.

МӘТІН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ

Бүгінгі таңдағы шиыршық (спираль) дидактикалық принципке сәйкес таңдаған мәтіндеріміз сабақтан сабаққа, сыныптан сыныпқа байланысты жеңілден қиынға қарай күрделеніп отыру керек.

Жоғарыда жалпылама мәтінмен жұмыс жолдарын атап өтсек, енді шығарманың мазмұнын, шығармадағы оқиғаны, оның әр бір сюжеттерін, құндылығын түсіндіру үшін төмендегі жұмыстарды жасатқан жөн:

  • Сөздік жұмысын жүргізу;
  • Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен және тірек сөздермен жаттығу жұмыстарын өткізу;
  • Мәтіннің мазмұнымен таныстыру (оқушылар өз бетінше оқып, мазмұнымен танысып келеді);
  • Мұғалімнің арнайы тапсырмасындағы мәтінге байланысты жаттығуларды орындау;
  • Сөйлемдерді толықтыру;
  • Сөйлемдердің мазмұнын сақтай отырып басқаша құрастыру;
  • Сұрақтарға жауап беру;
  • Қате сөйлем беріледі. Мәтіннен дұрыс нұсқасын табу;
  • Мәтінді жоспарлау;
  • Сөйлемдерді ықшамдау;
  • Сөйлемдерді кеңейту;
  • Шығармада кездесетін фразеологизімдермен, мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен, омоним, синоним, антонимдермен жұмыс істеу;
  • Сұхбат құру  (диалог);
  • Адраматизация әдісін пайдаланып, әңгімені рөлдерге бөліп оқу;
  • Рөлдік ойындар;
  • Сөйлеу жағдаятын туғызу;
  • Мақал-мәтел, нақыл сөз, дәстүр бойынша әңгімелету, ситуация құрастыру;
  • Оқушыларды ойландыратын сұрақтар қою жатады;
  • Монолог.

Қорыта айтқанда, сөйлеу тілі мен жазба тіл өте тығыз баланысты. Сөйлеу тілінде жазбаша тілде де қолданылатын тілдік тұлғалар бір. Тілдік тұлғалар сөйлеу тілі мен жазбаша тілде бір мағынада қолданылады, олардың тілде атқаратын жалпы қызметтерінде де өзгеріс болмайды. Сондықтан екінші тілді үйретуде жұмыс ауызша мен жазбаша жүргізулі тиіс.

Тыңдауға үйрету мақсатында жасалатын бұл жұмыстың түрлері, сөйлеуге үйретумен байланысты жүргізітіні есте болу керек.

Нәтижесінде:

Мәтіндермен жұмыс барысында оқушылардың жекелік қасиеттері мен қабілеттері, пәнге деген қызығушылығы артады;

Мәтін арқылы оқушылардың шығармашылық үрдісті меңгеруіне, ойын, тілін, дамытуына жағадай жасалады;

Оқушының өз ойын еркін айта және жаза білу дағдысы қалыптасады;

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Әдістеме әлемінде. Ғылыми-әдістемелік жинақ. – А, 2008.
  2. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – А, 2005.
  3. Әбдікәрім Т. Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері мен оқыту әдістемесі. – А, 2001.

Акишева Жулдыз Мейрановна,

педагог – сарапшы.

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

«Лермонтов атындағы орта мектеп» КММ,

Жетісу облысы, Қаратал ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *