Ұстаз. Осы сөздің құдіреттілігі “ана” сөзінен еш кем емес. Өйткені, ана өмірге нәр берсе, ұстаз адам санасына білім дәнін себеді. Осы дәннің дұрыс өніп-жетілуі де ұстаз-бағбанға байланысты. Әрине, егілген дәннің жемісті болуы жер құнарлылығына әрі табиғат-ананың мінез құлқына да тәуелді. Ұстаздың еңбегінің де жануы шәкірт табиғатына байланысты.
Шіркін-ай, бүгінгі таңда озық шәкірт дегеніміздің өзі бүгін үйренгеніңнің отыз пайызын, тіпті елу, жетпіс пайызына дейін ұмытып қалып жатады. Бұл неліктен? Әлде, өнімнің жерге себілген дәннің сапасына байланысты болатыны сияқты, берілген білімнің де сапасы төмен болғаны ма?
Бірақ, небір озық технологияны пайдалана отырып түсіндіргеніңді қолма-қол қайталап тұрған оқушы келесі сабақта, тіпті ертесі күні шытып-пұтып толық жеткізе алмай қиналғанын көргенде,шынымен-ақ, “бұл неліктен” деген ойға қаласың. Сөйтесің де тығырықтан шығар жолды іздейсің. Бұл мәселе әлі шешімін таппай тұр. Содықтан да болар, ұстаз мәртебесі туралы теріс пікір қалыптасып, бүгінгі таңда үлкен проблема- білім сапасының төмендігі ұстазды кінәлайтындардың “ақ дегені алғыс” болып тұрғаны.
Әрине, осы қиын кезеңде біздің жүйемізге мемлекеттің жан-жақты қолдауы төтеп беруге мүмкіндік берді. Ел президенті Қ. К. Тоқаев білім беру мәселелерін үнемі назарда ұстады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикада білім беру жүйесін қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылданды, бұл айтарлықтай сапалы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Әрине, педагогтың ерекше мәртебесі айқындалған, педагогтың құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері мен жауапкершілігі белгіленген «педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау түйінді сәттердің бірі болды. Мұғалімдердің жалақысы едәуір өсті, магистр дәрежесі, сынып жетекшілігі, тәлімгерлік үшін үстемеақы белгіленді. Мұғалімдер ерекше функциялардан босатылады және артық есептіліктен босатылады. Нормативтік оқу жүктемесі төмендеді. Осының бәрі ұстаздың мәртебесін көтеруге септігін тигізеді деп ойлаймын.
ТУРГЕНБАЕВА МАДИНА ТУРГАНОВНА,
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
«Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ,
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы.