ҰЛЫ ЖЕҢІС ЖАСАСЫН!

«Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп – гимназиясы» КММ

«Ата-баба дәстүрі — ұрпаққа аманат» бағдарламасы бойынша  Ардагерлер  үйінің  «Жастар болашағына  деген сеніммен өскелең ұрпақ тәрбиесі — ардагерлер  өнегесінің бастауы» жобасын іске асыру мақсатында Қоржумбаева Ғалия директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жетекшілігімен «Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп – гимназиясы» КММ – де «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты іс-шара өтті.

ҰЛЫ ЖЕҢІС ЖАСАСЫН!

Мақсаты: Оқушылардың  Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, жас ұрпақ пен ата буын арасындағы байланысты дамыту.

Мектептегі шараға арнайы қонақтар қатысты. Қалалық ардагерлер кеңесінің әдістеме бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрайымы — Каримова Гулнар Ақойқызы, қалалық ардагерлер кеңесінің білім орталығының орынбасары — Сағатбекова Назипа Қапанқызы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі — Исмайлов Құрмаш, қалалық ардагерлер кеңесінің  Ғарышкер шағын орталығыны төрайымы — Шаңғожанова Нұртай Уалиқызы, қалалық ардагерлер кеңесінің әжелер төрайымы  — Сейітқұлова Дәнегүл Рахымқызы — баллардың дайындаған шараларын тамашалап, бағалап кетті.

ҰЛЫ ЖЕҢІС ЖАСАСЫН!

Іс – шараның басы қасында ұйымдастырушы Қоржумбаева Ғалия Берікқалиевна,  мектептің қалалық ардагерлер үйнің  мүшесі – Уалиева Ғалия Айтқалиқызы, мектептің «Әжелер мектебінің»  үйлестірушісі – Блеутаева Назгул Жанабиловна және Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі -Заманбеков Дидар Дәуренұлы болып, шараның жақсы өтуіне үлестерін қосты. Бұл шараға мектептің 500 ден аса оқушылары өз жетекшілерімен қатысты. Шара барысында әдемі безендіруге көркем еңбек пәні мұғалімі – Шукеева Гулбану Кенжибековна өз әріптестерімен жауапты болды.

ҰЛЫ ЖЕҢІС ЖАСАСЫН!

Іс – шара кезең – кезеңмен өтіп, 1941 -1945 жыл аралыңындағы негігі оқиғаларды қамтыды.

Алғашқы кезең  «Біздің ісіміз адал, жау жеңілуі керек, жеңіс біздікі» деген үндеумен басталып, қазақ отбасынан соғысқа атанған отбасының көрінісінен басталды. 

Екінші кезеңде нағыз ұрыс алаңынан қойлым қойылып, балалар әскери дайындықтарын жақсы көрсете білді.

ҰЛЫ ЖЕҢІС ЖАСАСЫН!

Үшінші кезеңде соғыс уақытындағы сарбаздардың демалыс уақтынан сарбаздардың тыныштық кезінде хат жазып, қару – жарақтарын жабдықтап отырғандары көрсетілді,

Төртінші кезеңде акт залында арнайы әскери әндер мен билер тамашаланып, «Қазақтың батыр қызы – Мәншүк» атты тамаша қойылым қойылды.

ҰЛЫ ЖЕҢІС ЖАСАСЫН!

Бесінші кезеңде 1945 жылғы алғашқы Жеңіс күнінен үзінді көрсетіліп, әскери шеру «Жеңіс» әнін қатарда орындады.

Шараның соңы кішкентай бүлдіршіндердің «Бақытты балалық шақ» атты әдемі ән- биімен аяқталды.

Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Тарихын танып білген  ұрапқтар бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігін ешқашан ұмытылмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *