ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ). ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ «ҚОҒАЛЫ КӨЛДЕР, ҚОМ СУЛАР» ТОЛҒАУЫ

Қазақ тілі / Қазақ әдебиеті
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ). ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ «ҚОҒАЛЫ КӨЛДЕР, ҚОМ СУЛАР» ТОЛҒАУЫ
Бөлім:  1 – бөлім: Туған жерім -аялы алтын бесігім
  Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты :Тлеубаева Самал Бақытқалиқызы
Күні: 
Сынып:   6Қатысушылар саны:Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:    Доспамбет жырау (Өмірі мен шығармашылығы). Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:   6.1.1.1-әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;   6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып,  шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу
 Сабақтың  мақсаты    Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтай алады.    әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі// уақытыПедагогтің әрекетіОқушының әрекетіБағалауРесурстар
Сабақтың басталуы  3 минут                             Сабақтың ортасы 5 минут                                     5 минут                                             5 минут                                     15 минут                                                                                                                       7 минут                                                                       Сабақтың аяқталуы   5  минут                            Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.  Психологиялық ахуал    «Амандасып алайық»            Мұғалім түсіндірмесі  Доспамбет – қазақ хандығының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген, Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған жырау. Ол Дешті Қыпшақты көп аралап, Бақшасарайда, Стамбулда болған, Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау 1523 жылы тайпааралық ұрыстардың бірінде Астрахань маңында қаза тапқан. Доспамбет жырау жырларынан оның мақсат-мұраты, дүниеге деген көзқарасы анық аңғарылады. «Айнала бұлақ, басы Тең», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, Азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық», т.б. шығармаларында өзі аңсаған заманды қайтып келмес бақытты күндеріне санайды. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелеп, қырым, ноғай, қазақ жұртының ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел мен өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра суреттейді   Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар» өлеңін аудионұсқада тыңдатамын. « Түртіп алу» стратегиясы Сөздікпен жұмыс: Қом- 1)түйе өркешінің астыңғы жағына тұтаса біткен жота майы; 2)түйеге жүк арту үшін оның өркеші мен жотасын (қомын) орай салынған қабат-қабат киіз Қоға- биіктігі 3-4 метр, сабағы ұзын және жуан, батпақты-сулы жерлерде өсетін өсімдік; Бұздай – диалект сөз, мұздай; Көбе – батырлардың кебенек сыртынан киген сауыты; Алшайту – екі аяқтың арасын талтайтып қашық ұстау; Бұлан – аша тұяқты, күйіс қайыратын бұғы тектес аң; Күдері – жұмсақ етіп иленген қайыс; Кіреуке – қымбат, сәнді шапан; Сайгез оқ – жебе түрі   Ұжымдық жұмыс   «Ассоцация» әдісі   «Қоғалы көлдер, қом сулар»                        
Өлеңді оқып шығыңдар. Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы не туралы? Толғауда қандай өзекті мәселелер көтерілген?   «Random Group Generator» платформасы арқылы топқа бөлемін.   Топтық жұмыс «Батыр» тобы  1-топқа тапсырма: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтаңдар.     Шығарма жанры Фабуласы Сюжеті         Дескриптор арқылы кері байланыс     «Арғымақ» тобы   2-топқа тапсырма: «Ойлан. Анықта. Жаз» әдісі Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтаңыз   Шығармадан үзінді Аллитерация Теңеу Эпитет   Метафора Қоғалы көлдер, қом сулар           Оқ қылқандай шаншылса, Қан жусандай егілсе, Аққан судай төгілсе         Құрама шапшақ көп қымыз Құйып ішкен өкінбес.         Екі арыстан жау жапса           Дескриптор арқылы кері байланыс   «Жырау» тобы 3-топқа тапсырма: «Соңғы сөзді мен жазайын» әдісі бойынша «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын қара сөзбен жазыңдар.          Дескриптор арқылы кері байланыс       Жеке жұмыс Тапсырма:  әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазыңдар.                            Ер жүрек  
Жырау                                          Батыр Доспамбет жырау                  
Әскери жорықтар                    Қолбасшы          Қаһарман    Доспамбет жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, қаһармандық көрсеткен.   ЕББҚ оқушыға тапсырма: «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауындағы тірек сөздердің астын сыз.   Кері байланыс:   Рефлексия       Үйге:  «Қоғалы көлдер, қом сулар»толғауын  жаттау.        
Психологиялық ахуал                             Мәліметті тыңдайды.                                               Сөздікпен жұмыс                                         Өлеңді мәнермен оқып шығады. Берілген  шығарма  не  туралы екенін анықтайды.   Доспамбет  өмір сүрген кездегі қазақ елінің тарихи жағдайына  шолу жасайды. «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы не туралы екенін, толғауда қандай өзекті мәселелер көтерілгенін түсіндіреді.          Дескриптор Білім алушы: -әдеби шығарманың жанрын анықтайды-1ұпай — фабуласын табады-2ұпай -сюжетін анықтайды-2ұпай Жалпы ұпай-5ұпай         Дескриптор Білім алушы: -аллитерацияны анықтайды-1ұпай -ассонаносты ажыратады-1ұпай -теңеуді табады-1ұпай -эпитетті анықтайды-1ұпай -метафораны табады-1ұпай Жалпы ұпай – 5 ұпай                                       Дескриптор Білім алушы: -толғауды оқиды -1ұпай -көркемдегіш құралды қолданады-2ұпай -Ойын жүйелі  жазады-2 ұпай Жалпы ұпай – 5 ұпай       Дескриптор Білім алушы: -әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланады-1ұпай -шығармадағы табиғат көрінісін анықтайды-1ұпай  -оқиға орнын анықтайды-1ұпай -кейіпкер бейнесін сипаттап жазады-2ұпай  Жалпы ұпай – 5 ұпай                             Дескриптор Білім алушы: -Толғауды оқиды-1б Тірек сөзді табады-1б Астын сызады-1б                Оқушылар дың психология лық ахуалы қалыптасады.   Жарайсың!                                                                                                                           .                       Мадақтама сөздер                          Жарайсыңдар!                                                               Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл                                         Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл              
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ). ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ «ҚОҒАЛЫ КӨЛДЕР, ҚОМ СУЛАР» ТОЛҒАУЫ
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ). ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ «ҚОҒАЛЫ КӨЛДЕР, ҚОМ СУЛАР» ТОЛҒАУЫ

Тлеубаева Самал Бақытқалиқызы,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

«І.Есенберлин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп»

Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *