Бүгінгі таңда білім сапасын жақсарту барысында заманауи сабақ үрдісі қолға алынды.Заманауи сабақ дегеніміз не? Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін ынтасы мен қабілетін дамыту. Заманауи сабақ — инновациялық технологияны қолдану болып табылады. Инновациялық оқыту дегеніміз-оқушының мүмкіндігі мен қабілетін ашу,оның іс-әрекетіне ой салу, яғни шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету. Заманауи сабақтың дәстүрлі сабақтан ерекшелігі көп.
Дәстүрлі сабақ | Заманауи сабақ |
Мұғалім- оқушы | Оқушы -мұғалім |
Сабақты мұғалім түсіндіреді, оқушы тыңдаушы. | Оқушы білімді өздігінен меңгереді, ізденеді мұғалім бақылаушы. |
Оқушыны мұғалім бағалайды. | Оқушы өзін-өзі бағалайды. |
Заманауи білім беру әр түрлі әдістерді пайдалану мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мектептерде жаңа модификацияланған (интерактивті тақта проектормен, сенсорлы ноутбук, лед экрандар, сенсорлы экрандар) кабинеттер оқушылардың оқуға деген құштарлығын арттырып, белсенді болуына ықпал етеді.
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды сабақта пайдалану өте тиімді. Осындай технологияларды қолданудың нәтижесі:
✓ Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
✓ Ақыл — ойын дамытады
✓ Шығармашылық белсендігін арттырады;
✓ Ұжымдық іс — әрекетке тәрбиелейді;
✓ Тіл байлығын жетілдіреді;
✓ Жан — жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ-ты пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі — пәндік білім, екіншісі — компьютерлік білім. АКТ құралдарын пайдалана отырып, сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарыны презентация құралдары арқылы сипаттап беруге, видео — сабақтарды қолдану арқылы оқушылардың ойлауын, оқылатын оқу материалына деген қызығушылығын арттыруға болады. Өйткені қазіргі таңда оқушылар ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен ақпаратты жақсы қабылдайтынын білеміз.
Осы орайда математика сабағында АКТ-ның келесі түрлерін қолдануға болады:
✓ Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны, видео-сабақтарды қолдану;
✓ Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдану;
✓ Оқыған материалды бекіту немесе білім мен білікті қолдану сабағында түрлі тапсырмаларды орындауда флипчарттарды қолдану.
Сонымен қатар, ғаламтордағы әр түрлі платформаларды сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарына сай қолдануға болады. Солардың біразын атап өтейік:
Easy Quizzy бағдарламасын күнделікті сабақта аз уақыт ішінде оқушылардың білімін тексеруге, емтиханға дайындық кезінде, жоғары оқу орындарында студенттердің қорытынды білімдерін тексеруге және т.б қолдануға өте ыңғайлы программаның бірі. Компьютерде орнатылған бұл бағдарлама көмегімен тесттер мен викториналарды құру оңай және жылдам болып табылады және оны кез келген Windows плотформасында ашуға мүмкіндік береді. Мұнда сұрақтардың көлеміне ешқандай шектеулер жоқ және әрбір сұрақта бірнеше жауап болуына мүмкіндік береді.
Easy Quizzy бағдарламасында құрылған тесттердің ашылуы үшін басқа бір қосымша программаларды орнатуды қажет етпейді.
Kahoot -интерактивті тапсырмаларды жасау үшін жарқын, қарапайым, тегін қызмет түрі. Бұл сервисті сыныпта әртүрлі викториналарды, пікірталастарды, тестілер мен сауалнамаларды өткізу үшін және білім алушыларды жылдам тексеру мақсатында қашықтықтан оқыту кезінде қолдануға болады. Kahoot-білім беру жобаларына арналған қосымша. Оның көмегімен тест, сұрау, оқу ойынын немесе білім марафонын жасауға болады. Қолданба үстел нұсқасында да, смартфондарда да жұмыс істейді. Оқушылармен тығыз қарым — қатынас орнатуға, сонымен жаңа матералды тереңдете түсу үшін Kahoot қосымшасын кең көлемде қолдануға болады.
Geogebra бағдарламасын қолдануда 3D график бетін қолдану өте тиімді болып табылады. Бұл стереометрия есептерінің сызбаларын барлық жағынан қарастыруға және олардағы кейбір қасиеттерді көрсетуге мүмкіндік береді, кейбір жағдайларда тіпті есептерді шешуге мүмкіндік береді. Geogebra бағдарламасын қолдану нәтижесінде оқушылардың геометрияға қызығушылығы артатынын байқауға болады. Дәстүрлі сызбадан қарағанда бағдарлама арқылы сызылған сызбаның есеп шығаруда есептің шартын түсінуге септігі өте көп. Нәтижесінде оқушылар геометрия есептерін дұрыс түсініп, шығаруға қол жеткізуге болады. Ал мұғалімге сабақ уақытын тиімді пайдалануға, сабақтың көрнекілігін артыруға, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға көмектеседі.
Ұсынылған QR код арқылы бейнежазбалар математика пәні мұғалімдеріне Geogebra бағдарламасын үйренуге септігін тигізетіні сөзсіз.
Оқытудың барысында осындай платформаларды қолданған сабақтарда оқушылар өз ойын еркін айтатын болғандықтан, әр түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын – мүмкін, қате немесе толымсыз – ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастауды өзімнің басты міндеттерімнің бірі деп есептеймін.
Заманауи сабақты қарапайым тілде айтсам, ол әрбір өткізілген сабақтың қызықты,тартымды, бұл сабақта оқушымен мұғалім арасында еркін тіл табысуы деп ойлаймын.
Осы орайда сабақ барысында ұстаз бен оқушыларда көптеген өзгерістер байқалады:
- Ұстаз – сабақты жаңашыл түрде жоспарлайды;
- Оқушылар жаңашылдыққа әуес болады;
- Оқушылар өз ретімен сөйлейдә, ынтымақтастықта жұмыс жасайды;
- Баға үшін емес, өз ойының дамуы үшін оқи бастайды, елден қалғысы келмейді;
- Сабақ барысында жаңа әдіс — тәсілдерді әр түрлі жолмен қосуға мүмкіндік алады;
- Өз сабағыма өзім баға беремін және кемшілігімді түзеймін, жаңа жол іздеп, жаңаша талқылауды да үйреніп келемін.
- Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
— Мен не білемін?
— Мен жаңаша нені білдім?
— Менің білімім қалай өзгерді?
— Мен осы біліммен не істей аламын?
Қорыта айтқанда, заман талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс — әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру. Тәрбиелеп отырған шәкірттеріміздің дүниенің кез- келген жерінде білімін жалғастыруға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгеретіндей дарынды болуына ықпал етуіміз біздің бүгінгі мақсат – мүддеміз болуы тиіс.
Шарипова Аида Бөлегенқызы,
Математика пәні мұғалімі.
«Құлжабай Қасымов атындағы №28 It мектеп- лицейі»,
Жетысу облысы, Талдықорған қаласы.