Қазақ ағартушысы М.Жұмабаевтің «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген ұлғатты сөздері қазіргі заманға сай ұлттық құндылығымызды қай сабақта болса да дәріптеудің ұраны іспеттес болу керек. ҚР «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық, желілерге шығу» делінген.
Нақты математикалық тақырыптарды халқымыздың тұрмыс салтымен байланыстыра оқыту оқушыларымыздың өз халқымыздың тарихын білуге, тұрмысын ұлғайтуға үйретеді. Сонда ғана мұғалім өзі жан – жақты жетілген, білімді, халықтың дәстүр, әдет – ғұрып пен салт – сана ерекшеліктерімен сусындаған шәкірт тәрбиелей алады.
Ал сондай тәрбие көзіне келетін болсақ, ұлтымызда қолданылып келе жатқан сандардың бәрінің қандай да бір қасетке ие екенін ұғындыра оқыту бала бойындағы ұлтына, еліне, дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыратыны анық.
Мысалы, математикалық сандармен берілген мақал – мәтелдер қаншама:
Ел құлағы –елу.
Елу жылда ел жаңа.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз. – бұл мақалдар мысал ғана. Осындай мақалдардың мән –мағынасын аштырып балаға жобалық жұмыстар берсек, баланың ойлау, іздену қабілеттерін арттырады.
Қазақ дәстүрінде киелі саналатын шоқтығы биік сандар бар. Ондай сандардың сандық жүйеде де өмірлік ұстанымда да алатын орны ерекше. Ондай сандарды атап кетсек:
«3» саны. Түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында қасиетті сан болып есептеледі. Мысалы: «үш би», «үш бәйтерек», «үш артық», «үш жамандық» — деген сияқты. Халқымыз әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген. Сондай-ақ әр санды орнына, маңызына қарай қолданған. Әр санның мақсаты мен мағынасы болатынын сезген, түйсінген.
«5» саны. Қазақ халқында 5 санымен байланысты ұғымдар да жиі ұшырасады.
«бес қару», «бес парыз», «бес намаз», «бес борыш», «бес қатер», «Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) айтқан бес өсиет», «бес жақсы». Бұдан бөлек, аптаның бесінші күні – жұма. Ал Исламда жамағат болып құлшылық жасайтын күн ретінде жұма таңдалған. Сол себепті мұсылмандар үшін жұма қасиетті күн саналады.
«7» саны. Көшпенді қазақ мәдениеті үшін өте қастерлі сан. Жеті санымен байланыстырылып айтылатын ұғым дәстүрімізде де, тілдік мәдениетімізде де көп сақталған. Соның бірі — жеті амал. Жеті амалға табиғат құбылыстарын жатқызады. Одан кейін, «жеті ғашықты» айтамыз. «Жеті жарғы» деген Атазаңымыз тағы бар. Жеті санымен бірге айтылатын сөздің тағы бірі — «Жеті жетім», «Жеті жоқ» деген сөздер бар. «Жеті қазына», «Жеті мүше», «Жеті тылсым», «Жеті жұт» сияқты тілімізде, қазақтың тұрмыс-салтында сақталған әдет-ғұрыптық атаулар өте көп.
«9» саны. Бұл сан араб мәдениетімен, дінмен байланысты енген. Сондықтан халқымыз: «Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», » Тоғыз әйелдің толғағы бір күнде келіпті», «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқа қию», «бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (құдалықта орындалатын дәстүр) сияқты сөздер тегін шықпаған болу керек.
«12» саны.Сандар әлемінде қытай мәдениетінен енген бір дүние бар. Ол — «он екілік жүйе». Қытайлар ерте ғасырларда «он екілік жүйені» қазақтарға ұзатқан қыздарымен бірге сыйлаған. Қазіргі бүкіл әлем қолданып жүрген бір жылдағы он екі айлық жүйе, сағаттағы » он екілік жүйе» — міне осы.
«40» саны.Қазақ мәдениетінде құдіретті сан. Қырықтың басқа сандардан ерекшелігі – «оның сокралдық мәні шамандықтардан бастау алады» — деген зерттеу бар. Өйткені, шамандық сенім бойынша, адамды қырық күн бойы емдеу, қырық түрлі шөпті араластырып жасаған дәрі ішкізу, оны қырық күн бойы ішу деген сияқты ислам дініне дейін 40 санына деген сенім мәдениетімізге тастай сіңген.
Әр санның астарында киелі ұғым жатқанын көріп отырмыз. Осы киелі ұғымдарды ата — бабаларымыз сонау бастан-ақ ұрпақтың бойына сіңіріп отырған.
Ал енді қазіргі таңда оқу мақсатына сай тапсырмаларды құрастыру, оқушыға ұтымды болатындай етіп беру ұстаздың шеберлігі болмақ. Оқулықтағы қалыпты тапсырмалардың орнына оқу мақсатына сай тапсырмаларды осы сандардың киелігін танытатындай есептер арқылы берсе, баланың пәнге деген қызығушылығы артады.
Оған бір ғана мысал — 5 – сыныпта «Бөлшек» тақырыбы. Ал «Бөлшек» ұғымын ата- бабаларымыз сонау ерте заманнан бері қолданғанын айта кетіп, төр түлікке тән мағлұмат беріп, төрт түліктің төрт аяққа, он екі жілікке бөлінетінін түсіндірген жөн.
Бәр жілікті – 1/12, бір аяқты 3/12 =1/4 бөлік деп үйрете отырып, қазақтың ет мүшелеу үрдісін түсіндіре кеткен жөн.
Ет мүшелеу дегеніміз – сойылған малдың етін жілік – жілігімен бқлшектеу. Малдың төрт аяғында 12 жәләк болатынын айтып, жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, жауырын сүйектеріне орай буын – буыны бойынша ажыратып жіліктейтінін айтқан дұрыс: жамбастың -2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, бел омыртқа -1, сүбе қабырға – 2, кәрі жілік – 2, бұғана -1, мойын -1 — еу екенін таныстыра кету керек. «Бұл математика сабағында не керек?» деген сұрақта туындайды. Алайда қазіргі таңда технологияның құрбаны болған оқушының санасына, тәрбиесіне ұлттық құндылығымызды осылай ғана сіңіре аламыз. Тек ұстаз өз шеберлігі арқылы енді осы дүниемен есептер құрастыра білсе болды. Мысалы бір табаққа салынған жіліктерді атап өтіп, табақта бір малдың мүшесінің қанша бөлігінің салынғанын, не саулу керек екені арқылы ойланатындай тапсырмаларын беруге болады. Мысалға мына бір «Табақ тарту есебін» қарастырайық.
Үлкен ақсақалдың үйіне алыстан қонақтар келді. Шайдан соң қонақтарға табақ тарту алдында ақсақал келініне келіп: «Балам, Екеу ара табақ тартсаң, бір табақ етің артылып қалады» деген екен. Сонда келген қонақ қанша?, табақ қанша?
Шешуі: Х – қонақ, У – табақ.
3у -3 =2у +2
3у- 2у= 3+2
У =5
Х =2у+2 =2*5+2 =12
Жауабы: 12 қонақ, 5 табақ.
Міне, нағыз ұлттық құндылықты танытатын есеп. Қай сабақ болсын, қай пән болсын қазақ халқының салт –санасы мен ата – бабаларымыздан келе жатқан дәстүрін, құндылықтарын шәкірт бойына әр түрлі жолмен дарыта білу – әр ұстаздың парызы. Сонда ғана біз ата – бабаларымыздың қасиетті сандар арқылы берген салт-дәстүрін сақтап қала аламыз.
Шарипова Аида Бөлегенқызы,
Математика пәні мұғалімі,
«Құлжабай Қасымов атындағы №28 It мектеп- лицейі»,
Жетысу облысы, Талдықорған қаласы.