Түйінді сөздер: жаңа білім беру бағдарламасы, бастауыш сынып, қайтадаярлау, семинар, сынақтан өту, құрал-жабдықтар, кәсіби маман, мұғалім, интерактивті тақта.
Ключевые слова: новая образовательная программа, начальные классы, переподготовка, семинар, апробация, оборудование, профессиональный специалист, учитель, интерактивная доска.
Keywords: new educational program, elementary school, training, workshop testing equipment, professional expert, teacher, whiteboard.
Аннотация
Мақалада автор өз тәжірибесіне негізделе бастауыш сыныптарда жаңа бағдарлама бойынша білім берудегі кездесетін мәселелерді сипаттап, олардан шығу жолдарын қарастырады. Жалпы жаңа бағдарламаға сәйкес қайтадаярлау семинарларынан өткен кезден бастап қазіргі таңдағы оқу үрдісі барысындағы кездесетін мәселелерді, теория мен тәжірибедегі сәйкессіздіктерді сипаттап, алдағы уақытта білім саласындағы уәкілетті органдардың, мектептің, мұғалімдердің қажырлы еңбек етуі, туындаған мәселерді жедел шешуі, қателіктерді түзету және алдын-алу қажеттілігін атап өткен.Мақалада сөз болған жағдайлардың барлығы сынақтан өтіп бастаған 30 мектептің тәжірибесінде кездесетіні сөзсіз.Туындаған мәселерге қарамастан, бастауыш сыныптарда жаңа бағдарлама бойынша білім беру дәстүрлі білім беруден артықшылығы анық және өз нәтижесін мұғалімге кәсіби маман ретінде дамуы арқылы және оқушырладың пәнге деген қызығушылығының артып, ашыла бастағанынан көрінетінін айтсақ болады.
Аннотация
В статье автор опираясь на свой опыт описывает проблемы возникающие в процесе внедрения новой программы образования начальных классав и рассматривает пути их решения. Затрагиваются проблемы которые берут начало с семинаров переквалификации по новой учебной программе и описываются проблемы возникшие во время учебного процеса, такие как не соответсвие теории и практики, а также идет речь о необходимости о кропатливой работы учителей, школ и уполномоченных органов и об оперативном решений проблем, устранений и предотварщений ошибокв будущем. Безусловно со случаями которые описываются в статье сталкиваются все 30 школ начившие апробацию. Несмотря на возникшие проблемы приемущества новой программы образования начальных классав от трдиционных методов образования ясна, а также дает свои результаты в виде высого профессионализма учителей, и в высокой заинтересованности учеников в предмете и их открытости.
Аnnotation
The author leaning on his experience describes the problems arising in the implementation of a new pattern during the start class education programs and consider ways to address them. It is raised issues which originate from seminars retraining for a new training program and describes the problems encountered during the educational process, such as not fit the theory and practice, as well as the question of the need for hard work of teachers, schools and authorities, and on the operational solutions, solutions and error prevention in future. Certainly by the cases described in the article faced by all 30 schools that have began testing. Despite the advantages of the problems of the new education programs from elementary class traditional clear methods of education, as well as yielding results in the form of High luminance professionalism of teachers and students in a high interest in the subject and their openness.
Өндірістің, экономикaның, әлеуметтің қaй сaлaсындa болмaсын заманауи негізде ізденіп қызмет етпесе, елімізде ілгері дaму болмaйды. Дәл солaй білім беруде де зaмaн тaлaбынa сaй әдістерді қолдaну сaпaлы білімнің, мұғaлімнің жемісті еңбегінің кепілі болып тaбылaды. Үкіметтің ұсынып отырған білім беру бағдарламасы оқу-тәрбие үрдісінің aғымы мен нәтижесін жaқсaртудa педaгогикaлық жүйедегі өзгеріс десек, жаңа бағдарлама бойынша білім беру көбінесе жaңa технологиялaрды, әдістер мен құрaлдaрды қолдaнуды көздейді. Кез-келген салаға жаңа бағыт берген кезде барлығының ойдағыдай жүзеге асуын болжау мүмкін емес. Дәл солай аталмыш бағдарламаны енгізу кезінде де кемшіліктер орын алып, олардың бірқатары ізін суытпай түзетілсе, басқаларын шешудің әлі де оңтайлы жолдары қарастырылуда.
Елбaсымыздың Қaзaқстaн ғылымы мен білімнің әлемдік беделін aрттыру жолындaғы қaмқорлығы қaзіргі тaңдa өз нәтижесін беруде. Оғaн дәлел 2015 жылғы «Нұрлы жол — болaшaққa бaстaр жол» aтты хaлыққa Жолдaуындa индустриялaндыру бaғдaрлaмaлaры негізінде білімді жaстaр дaярлaуғa көңіл бөліп, еліміздің түрлі деңгейдегі білім ордaлaрынa үлкен мaқсaт-міндеттер қойып отыр[1].
Жаңа стандарт бойынша шетелдердің білім беру бағдарламалары сараланып, біздің ұлттық білім беру моделіне лайықталды. Біздің дініміз, салт-дәстүріміз, тәрбиеміз қазақстандық білім беру үлгісімен сәйкестендірілді. Отанға сүйіспеншілік, мәдени мұраларымыз, ұлттық құндылықтарымызға құрмет оқушы бойына тәрбие шараларында ғана емес, барлық оқу үдерісі барысында сіңіріле бастады. Бағдарлама, ең бастысы, баланы дамытуға бағытталады. Оқушылар әр тақырып бойынша интернетті пайдаланып, өздері ізденіп, талдау жасауға үйренеді. Кембридж бағдарламасы бойынша сабақтар жаңаша форматта өтеді. Қазіргі талап оқушылар белсенділігін арттыру болып отыр. Олар ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кеңінен пайдалана отырып, жаман-жақсыны өздері түсініп, қабылдаулары керек. Жаңа стандарт балаларды ізгілікке тәрбиелеуді көздейді.
Қазіргі таңда бастауыш білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттары бекітілген. Жаңа бағдарламаны қолданып білім беріп жатқанымызға екі тоқсаннан артық уақыт өткендіктен, осы бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктері, әлсіз және күшті жақтары айқын көрініс тапты.
Жаңа бағдарлама бойынша оқытуды бастағандықтан дәстүрлі білім беруде қолданылатын ұстанымдарымыз да өзгерді (кесте 1). Жаңа технологияларды енгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға оқыту мазмұны жайында білген жөн [3].
Кесте 1. Білім берудің жаңа бағдарламасын енгізу кезінде мұғалімнің ұстанымдары
Мұғалім нені білу керек? | Мұғалім не істей алуы керек? | Мұғалім қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру керек? |
1.Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді; 2.Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәттижелерді; 3.Жаңа технология мәнін,алынатын нәтижелердің теориялық негізін; 4.Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс –тәсілдерді; 5.Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін; | 1.Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру ; Дамыта оқыту бағытында; Модульдік курс үшін; Әлеуметтендіру бағытында; Ұжымдық жүйеде оқыту; Басқа технологиялар үшін; 2.Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау. 3. Әр сабақты жоспарлау 4.Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау. 5. Оқу модулін құрастыру. 6.Оқу жобаларының мазмұның анықтау. | 1.Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдану. 2.Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу. 3.Өткізілген сабақтарға талдау жасау. 4.Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйрету. |
Мемлекет білім саласында кез-келген жаңа оқыту бағадарламасын енгізу кезінде оның алғышарттары ретінде келесі үш мәселені шешу керек:
Сурет 1. Бастауыш сыныптарда білім берудің жаңа бағдарламасын енгізу алғышарттары
Осы арада білім министрлігінің аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруда қойылатын басты талаптардың бірі жаңа бағдарлама бойынша білім беретін мектеп мұғалімдерінің қайтадаярлаудан өтуін, олардың жаңа бағдарламаны теориялық және тәжірибелік жағынан толыққанды меңгеріп, қызметінде қолдану болып табылды. Осы арада министрліктің тапсырмасы толыққанды орындалды деуге болады. Қайтадаярлау семинарлары кезінде жаңа бағдарламаның ерекшелігі, оның дәстүрлі оқытудан артықшылығы және оқушыларға берерінің мол екені айқын түсінікті болды. Семинар барысында жаңа бағдарламаны меңгеру үшін бұрынғы тәжірибемізден өзгеше оқушылардың әр-қайсысын жеке тұлға ретінде қарастыру және оқушыны жеке тану арқылы, оны дамыту, басқа қырларынан ашу үшін әр-қайсысына жаңа бағдарламаның алуан түрлі білім беру әдістерінің ішінде сәйкесін таба білу қабілетін меңгеру тапсырмалары қойылды. Семинар кезінде үлгілі сабақтар өткізу арқылы өткен тәжірибеміз бен жаңа бағдарламаны қолдану арқылы білім беру арасындағы айырмашылықты, туындауы мүмкін жағдайлар мен мәселелерді талықаға салып отырдық. Әрине оқу жылы басталып нақты іске кіріскенде семинарда айтылмаған көптеген мәселелер туындай бастады, оның себебі:
— біріншіден, мектеп табылдырығын алғаш аттаған оқушылармен жұмыс істеу, оларды тәртіпке келтірудің өзі үлкен еңбекті қажет етеді;
— екіншіден оқытатын пәнім ағылшын тілі болғандықтан туған тілінде жазып, оқуды енді меңгере бастаған балаға шет тілін үйрету қиынға соқты.
Жаңа бағдарлама бойынша түрлі білім берудің әдістерін қолдану, оқушылармен үсдіксіз жұмыс істеу арқылы жарты жылды қорытындылай келе бағдарлама бойынша оқыту өз нәтижесін бере бастады.
Оқу жылы басталғалы бері көптеген сан түрлі оқушылармен жұмыс істей отыра, сабақта көптеген мәселелерге тап болдым. Олардың біреуін сабақ барысында шешуге тырысып, екіншісінің келесі сабақтарда туындамауына жағдай жасап, тағы біреуінің шешімін бүгінгі күні де іздестірудемін. Уақыт өткен сайын оқушылармен үздіксіз жұмыс істеу, ылғи да ізденісте болып тынбай еңбек ету кез-келген мұғалімді жоғары кәсіби маман ретінде шыңдап түсетіні айғақ.
Бастауыш сыныптарға білім берудің жаңа бағдарламасын қолданудағы екінші мәселе қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету деп атап өттік. Бастауыш сынып оқулықтарының мазмұнын жаңарту және оқулықтарды қорландыру циклдарына кезең-кезеңмен өту кестесі бекітілген болатын, бірақ өкінішке орай бұл арада да біраз кемшіліктер бар. Олар: оқулықтардың сан түрлілігі, оларды қолдану бойынша әдістемелік көмектің жетіспеушілігі, оқулықтағы кейбір жаттығулардың жүйелілігінің жоқтығы, оқулық мазмұнының оқу бағдарламасына сәйкес келмеуі, кейбір тапсырмалардың көздеген мақсатын қамтымауы немесе мүлдем белгілі мақсаттарды қамту бойынша тапсырмалардың болмауы, және т.б.
Бастуыш сынып оқушыларына білім беруде жаңа бағдарламаның оқыту әдістерін жан-жақты қолдануға тырысамын. Жас ерекшелігіне, әлі де көптеген материалдарды әр оқушы түрліше қабылдағандықтан бастауыш сыныптарен жұмыс жасаудың қиыншылықтары бар екендігін жоғарыда да атап өттік.
Сондықтан әр сабақты келесі қағидаларға сүйене өткізу дұрыс деп есептеймін.
Теориялық білімнің жетекші ролі қағидасы |
Жоғары қиындықта оқыту қағидасы |
Оқу үрдісін түсіну және сезіну |
Оқытушы мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас |
Барлық оқушылардың дамуы қағидасы |
Сабақ материалын жеделдете өту қағидасы |
Дамыта оқыту жүйесінің негізгі қағидалары |
Сурет 2. Дамыта оқыту жүйесінің негізгі қағидалары
Жаңа бағдарламаны енгізу алдында шешілуі тиіс мәселенің келесісі бағдарламаға қатысатын мектептерді толығымен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету болып табылады. Жаңа бағдарламамен білім беру жоғарыда атап өткендей әр оқушыға сәйкес оқыту әдісін қолдану, көрнекі материалдар, аудио, видео жазбалар арқылы сабақты есте қалдыру әдістерін қолдануды қажет етеді, ал қажетті құрал-жабдықтармен мектептер әлі де толығымен қамсыздандылырмаған. Осы мәселеге келетін болсақ алдағы уақытта шешілер деген сенімдеміз.
Қорыта келе жоғарыда келтірілген жаңа білім беру бағдарламасын енгізудегі кездескен мәселелердің барлығы да шешімін табатыны сөзсіз. Ең бастысы Елбасымыздың қолдап, үкіметтің заман талабын ескере отыра енгізіп жатқан білім саласындағы өзгерістердің қажет екенін қоғам түсініп, мойындап, мемлекет тарапынан болсын, мұғалім, мектеп, ата-ана, оқушы басқа да осы үрдіске қатысушылар тарапынан қолдау тауып, мәселелерді бірігіп шешу қажет.
Қолдaнылғaн әдебиеттер тізімі:
- «Нұрлы жол — болaшaққa бaстaр жол» Елбaсының жолдaуы 2015 жыл 30 қaрaшa.
- «ҚР білім беруді дaмытудың 2011-2020 жылдaрғaaрнaлғaн Мемлекеттік бaғдaрлaмaсы». Aстaнa, 2010 жыл.
- Б.Жолдaсов. Инновaциялық технологиялaрды білім беруде қолдaну. Білім, №5,2012 ж.
ҚАБЫЛБЕКОВ БАҚЫТ КАХАРМАНОВИЧ,
педагог – сарапшы, ағылшын тілі пәні мұғалімі.
«Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп — гимназиясы»КММ,
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы.